Бала әлі оқымайды, сондықтан бәрі түс, сурет, дыбыс пен қозғалыс арқылы. Үлкен батырмалар — бала өзі басып көреді.
0–1 жас: қарап, тыңдайды. 2 жас: буын мен сөз. 3–4 жас: санау мен логика. Баланың жасын жазасыз — тиісті бөлімдер ашылады.
Дыбыс, буын, сөз, сан, суреттер — барлығын дауыспен айтады. Тілді бір басумен ауыстырасыз.
Жұп табу, артығын табу, «Ойлан» тапсырмалары. Ойнап жүріп зейін мен есте сақтау дамиды.
Ұйықтар алдында қазақ ертегілері. «Болашақ» — мамандықтармен таныстыру. «Отбасым» мен «Сөздерім» — баланың өз фотолары мен сөздері.
Ойнаған сайын жұлдыз. Жұлдыз жиналса — жаңа дос. Күн сайын келсе — сыйлық.
Толығымен тегін. Аккаунт керек емес: тек баланың аты мен жасы. Жазбалар мен фотолар тек сіздің құрылғыңызда сақталады.
Тіркелу керек емес. Баланың атын және жасын жазасыз — сол сәтте ойнай бастайды.
Бастау